Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің жаңа басшысы тағайындалды
Шіл 03, 2021 21:39 Asia/Almaty
Еуропалық Одақ Қазақстандағы өкілдігінің жаңа басшысын тағайындады.
Еуроодақ Литва дипломаты Кестутис Янкаускасты Қазақстандағы өкілдігінің жаңа басшысы етіп тағайындады, ол 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Әзірбайжандағы ЕО өкілі болды. Янкаускас 1991 жылдан бастап Литва Сыртқы істер министрлігінде, сондай-ақ Вашингтон мен Стокгольмдегі елдерінің елшіліктерінде қызмет етті. Еуропалық Одақтың Әзірбайжандағы кеңсесін басқарғанға дейін, литвалық дипломат Грузиядағы ЕО Бақылау миссиясын басқарған.
Тегтер