Қазақстан Ауғанстандағы ауыр жағдайға дайын
Ауғанстандағы өзгерістерге байланысты Қазақстан әскери күштері толық дайындық жағдайға келтірілді.
Душанбедегі Fars ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Қазақстан әскерилерін Ауғанстан шекарасына қандай жағдай жіберілетіні туралы түсіндіріп: «Тараптардың бірінен әскер жіберу туралы өтініші түссе, бұл мәселе бойынша шешім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде қабылданады және Парламентте ратификацияланады. Осы шарттар орындалған жағдайда, біз халықаралық міндеттерімізді орындауға аттанамыз»,- деді. ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Олжас Хусаинов те: ««2021 жылдың сәуірі мен наурызында әскери-техникалық көмек көрсету туралы Тәжікстанмен, содан кейін Қырғызстанмен екі жақты келісімшартқа қол қойылды. Егер Қазақстан Парламенті мақұлдаса, Қорғаныс министрлігі көмек көрсетуге дайын»,- деп мәлімдеді.