Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жаңа антирекорды тіркелді
(last modified Thu, 29 Jul 2021 10:57:29 GMT )
Шіл 29, 2021 16:57 Asia/Almaty
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жаңа антирекорды тіркелді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирус жұқтырғандардың күнделікті статистикасында жаңа антирекорд тіркелді.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте елде 7479 адамнан вирус анықталды. Қазақстанда індет басталғалы бері мұндай көрсеткіш болмаған.  

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тіркелген.

Орта Азияның басқа елдерінде де қатаң шектеулер қойылғанына қарамастан Covid-19 жұқтырғандар саны артып келеді.

Тегтер