9 айдан кейін Қазақстанда қайтадан вакцинация жүргізіледі
(last modified Wed, 11 Aug 2021 13:30:21 GMT )
Там 11, 2021 19:30 Asia/Almaty
  • 9 айдан кейін Қазақстанда қайтадан вакцинация жүргізіледі

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі: «Елде қайта вакцинациялау вакцинаның екінші дозасын алғаннан 9 ай өткен соң басталады»,-деп мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Қайта вакцинациялауда қоғамда 60-70 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптасады. Халықты жылына бір рет вакцинациялап тұру жоспарланып отыр»,-деді.

Цой: «Маусым-шілде айларында халықтың көбі вакцина алды. Вакцинаның екінші дозасын алғаннан шамамен 9 ай өткен соң қазан айының бірінде қайта вакцинациялау жүргізіледі»,-деді.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Pfizer америкалық вакцинасы қолжетімді болатынын айтып: «Қазан айындағы бірінші кезеңде бұл вакцина балалар мен жүкті әйелдерге салынады. Сондай-ақ Қытайдың SinaPharm компаниясы вакцинасының 4 млн дозасы алдағы күндері халыққа қолжетімді болады»,-деді.

Тегтер