Тоқаевтың қатысуымен Ауғанстан туралы екінші отырыс өтті
(last modified Tue, 17 Aug 2021 11:15:37 GMT )
Там 17, 2021 17:15 Asia/Almaty
  • Тоқаевтың қатысуымен Ауғанстан туралы екінші отырыс өтті

Қазақстан Президенті мен басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен Нұр-Сұлтанда Ауғанстанның жағдайына қатысты екінші отырыс өтті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президентінің ақпарат өкілі Берік Уәли: «Соңғы бірнеше күнде Қазақстан Премьер-министрі, ҰҚК-нің басшысы, Сыртқы істер, Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері, Бас прокурор, Мемлекеттік күзет қызметі және Қауіпсіздік  кеңес хатшысының қатысуымен Ауғанстандағы жағдай туралы екінші отырыс өтті»,-деді.

Осы отырыс барысында Қазақстанның ұлттық мүдделерін назарға алып, азаматтардың қауіпсіздігін кепілдендіре отырып, Ауғанстандағы жағдайға шұғыл реакция білдіру мәселесі қарастырылды.

Қазақстан Президенті осы отырыста тиісті органдарға Ауғанстанмен көбірек әріптестік жасауға қатысты шешім қабылдауда өте маңызды болатындықтан осы елдің жағдайын жан-жақты жіті бақылауды жалғастыруға бұйрық берді.   

Тегтер