Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар азаймай тұр
(last modified Thu, 02 Sep 2021 13:37:14 GMT )
Қыр 02, 2021 19:37 Asia/Almaty

Қазақстанда əлі күнге дейін коронавирус жұқтырып, көз жұмып жатқандар көп

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауынша, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 1 қыркүйекке дейін күніне 3200 адамнан асып, 130-дан аса адам көз жұмып жатыр.

Қазақстанда мектептердің дәстүрлі оқу тәсіліне көшуіне қатысты пікір қайшылығына қарамастан, барлық сатыда жаңа оқу жылы басталды. Баланы онлайн немесе оффлайн оқытуды ата-ана шешеді.

Қазақстанда жүргізілген зерттеу бойынша, елде коронавирустан қаза тапқандардың 68 пайызы диабетке шалдыққандар болды. 

Қазақстанның диабетті зерттеу институты осы ауруға шалдыққандарға медициналық нұсқаулар мен карантиндік ережелерді қатаң сақтауға кеңес берді. 

Қазір Қазақстанда бір аймақ жасыл, екі аймақ сары, қалғанының бəрі қызыл. 

Тегтер