Қазақстанда «Каспий: лаңкестікпен күрес-2021» әскери жаттығуы өтті
(last modified Sat, 04 Sep 2021 14:41:02 GMT )
Қыр 04, 2021 20:41 Asia/Almaty
  • Қазақстанда «Каспий: лаңкестікпен күрес-2021» әскери жаттығуы өтті

Қазақстанның Ақтау қаласында «Каспий: лаңкестікпен күрес-2021» атты бірлескен әскери жаттығу өтті.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, «Каспий: лаңкестікпен күрес-2021» әскери жаттығуы  Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік  комитеті мен ТМД ұйымының лаңкестікпен күрес орталығының ұйымдастыруымен және осы ұйымға мүше елдердің тиісті органдарының қатысуымен Ақтау қаласында өтті.

ТМД елдерінің бірлескен антитеррористік жаттығуы лаңкестік қоқан-лоққылар мен түйткілдерге бірлесе төтеп беру мақсатында Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскери-қауіпсіздік құрылымдарының қатысуымен екі кезеңде өтті.

Сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы күштері, ұлттық гвардия және Қорғаныс министрлігінің күштері, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің арнайы орталығы күштерінің атсалысуымен Ақтау айлағының көк аймағында  «Буровая остановка» және «Қаныш Сәтбаев кемесі» кешендерінде шартты лаңкестерді залалсыздандырып, тұтқындарды босату амалы жүзеге асырылды.

Тегтер