Ауғанстаннан Алматыға қазақ қандастардың бір тобы жеткізілді
(last modified Sat, 11 Sep 2021 08:31:05 GMT )
Қыр 11, 2021 14:31 Asia/Almaty
  • Ауғанстаннан Алматыға қазақ қандастардың бір тобы жеткізілді

Ауғанстанда тұратын 35 қазақ қандас бұл елде Талибан тобы билікке келгеннен кейін Алматыға көшірілді.

Қазақстан Президентінің ақпарат өкілі Берік Уәли сенбі күні: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ қандастарды Ауғанстаннан Алматыға көшіріп әкелу туралы бұйрық берді»,-деді.

Қазақстан СІМ бұдан бұрын: «Ауғанстан астанасы Кабулдан қазақ қандастарды көшіру үшін Талибан тобымен тиісті үйлестіру жұмыстары жүргізілді»,-деп мәлімдеді.

Мұнымен қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Талибан тобымен байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеді.   

Тегтер