Тәжікстан мен Қазақстан басшыларының кездесуінде аймақтық қауіпсіздік мәселесі талқыланды
(last modified Thu, 16 Sep 2021 10:51:46 GMT )
Қыр 16, 2021 16:51 Asia/Almaty
  • Тәжікстан мен Қазақстан басшыларының кездесуінде аймақтық қауіпсіздік  мәселесі талқыланды

Тәжікстан мен Қазақстан басшылары кездесіп, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, пікір алмасады.

Fars ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, осы кездесудің басында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитына қатысқанына алғыс айтып: «Тәжікстан екі елдің сауда-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тасымал, әскери-қауіпсіздік салаларда қарым-қатынасын дамытуды қолдайды»,-деді.   

Қос тарап, сондай-ақ, Тәжікстанда ортақ зауыттар мен көтерме сауда орталықтарын ашу және 2022 жылы Душанбеде Орта Азия елдері басшыларының келесі консультативтік отырысын өткізуге келісті.

Тегтер