Түркіменстан мен Қазақстан Иран арқылы транзиттік байланысты кеңейтуге келісті
(last modified Thu, 28 Oct 2021 11:35:26 GMT )
Қаз 28, 2021 17:35 Asia/Almaty
  • Түркіменстан мен Қазақстан Иран арқылы транзиттік байланысты кеңейтуге келісті

Түркіменстан мен Қазақстан басшылары Иран арқылы транзиттік байланысты кеңейтуге келісті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Құрбанқұлы Бердімұхамедов пен Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өткен баспасөз отырысында: "Екі елдің транзиттік қатынасы əсіресе Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағытында орындалуы тиіс",-деді.

Екі ел басшылары осы темір жол арқылы тауар экспорты мен импорты үшін қолда бар əлеуетті пайдалану қажеттігін айтты.

Түркіменстан мен Қазақстан басшылары осы баспасөз отырысында екі елдің үкіметтеріне өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін тиісті келісімдерге қол қойып, инвесторларды қолдауды тездетуге бұйрық берді.

Жыл сайын аймақ жəне екі ел облыстары деңгейінде бизнес форум өткізу, Маңғыстау облысы мен Балкан облысы шекарасында жүк тиеу терминалы бар арнайы сауда аймағын салу - Құрбанқұлы Бердімұхамедов пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел əріптестігін кеңейту үшін ұсынған ұсыныстарының бірі болды.

Тасымал мен транзит саласында Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолын толық пайдалану жəне Ақтау, Құрық жəне Түркіменбашы айлақтары арасында əрекеттестікті арттыру басты міндет деп аталды.

Тегтер