Қазақстанда бір көмір шахтасында жарылыс болды
(last modified Sun, 07 Nov 2021 12:40:00 GMT )
Қар 07, 2021 18:40 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бір көмір шахтасында жарылыс болды

Қазақстанда тас көмір шахтасында жарылыс болып, соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 2 адам жараланды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жексенбі күні: "Қарағанды облысының Абай қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 2 адам жараланды",-деп хабарлады.   

Бастапқы мәлімет бойынша, оқиға орын алған кезде шахтада 64 кенші болған, олардың 56-сы шахтадан шығып үлгерген.

 

Тегтер