Қар 11, 2021 19:41 Asia/Almaty
  • Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, осыдан бұрынырақ қол қойылған келісімшарттың аясында Pfizer вакцинасының 4 млн дозасын сатып алды.

Бұл вакцина АҚШ-тың Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы тарапынан өндірілді.   

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі: «Вакцинаның бұл партиясы халықты жаппай вакцинациялау үдерісін толықтыруға көмектеседі»,-деді.

Pfizer – Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина. Бұған дейін бұл елде QazVac, Sputnik V, Hayat-Vax, CoronaVac және Sinopharm вакциналары тіркелген болатын.

Тегтер