Теһранда Қазақстан көрмесі басталды
(last modified 2021-11-13T07:50:49+00:00 )
Қар 13, 2021 13:50 Asia/Almaty
  • Теһранда Қазақстан көрмесі басталды

Кеше Иран астанасы Теһранның Zarna галереясында Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Атажұртым – Қазақстан" атты көрме басталды.

Көрмеде ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, түскиіздер мен кілемшелер, картиналар мен кітаптар қойылған.  

Көрмеде

Көрмеге Иранның медиа өкілдері және өнерпаздарымен қоса, Қазақстанның Ирандағы елшілігінің кеңесшісі Дүйсебай Дәуірбек қатысып, алғысөз айтты.

Көрмеде

Көрме 6 күнге созылады. Ұйымдастырушы – ИИР Телерадио бірлестігі  әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының аудармашысы Омарханова Гаухар Жұмағазықызы.

Гаухар Омарханова

 

Тегтер