Қазақстан атом электр станциясын салуды көздеуде
(last modified Wed, 24 Nov 2021 10:24:21 GMT )
Қар 24, 2021 16:24 Asia/Almaty
  • Қазақстан атом электр станциясын салуды көздеуде

Қазақстан Президенті: «Өсіп келе жатқан электр энергиясы тапшылығының орнын толтыру үшін ел атом электр стансасын салуға талпынуы керек»,- деді.

 

Қазақстан Президенті елдің атом энергетикасындағы ондаған жылдарға созылған кешігуінін аяқталғанын және Қазақстанның өсіп келе жатқан электр энергиясының тапшылығын толтыру үшін атом электр станциясын салуға талпынуы қажеттігін жариялады.  Тоқаев атом электр станциясын салу идеясын алғаш рет 2019 жылдың сәуірінде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуінде мәлімдеді. Путин  бұл салада ресейлік технологиямен көмектесуді ұсынды.

Электр қуатының 70 пайызын көмірден өндіретін Қазақстан күн мен жел энергиясы сияқты жаңартылатын көздерге көшуді қалайтынын мәлімдеді. Бірақ осы күнге дейін бұл салада нақты ілгерілеушілік байқалған жоқ және жаңартылатын ресурстардың үлесі аз. Жаңартылатын энергия көздеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе де, нарықтың шағындығы мен ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығына байланысты ірі инвесторлар бұған құлықсыз. Қазақстанның энергия тапшылығының артып келе жатқанын және уран өндіру бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын ескерсек, бұл елдің жалғыз мүмкіндігі ретінде атом энергиясын таңдауы таң қалдыратын жәйт емес.

 

Тегтер