Қар 24, 2021 17:09 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанның басқарушы партиясының төрағалағы қызметін Тоқаевқа тапсырды

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік партиясының төрағалағы қызметінен кетті.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Тұңғыш президенті,   «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия басшылығын Қасым-Жомарт Токаевқа тапсырды.

Қазақстанның Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында «Назарбаев бұл шешімді партияның саяси кеңесінің жалпы отырысында жариялап, басқарушы партияны президент басқаратынына қуаттады», - деп жазды. Үкібай сондай-ақ: «Назарбаевтың шешімі билікті тапсыру үдерісін ұтымды жалғастыруға сәйкес келеді. «Нүр Отан» партиясы коронавирус індетінен туындаған жаһандық дағдарыс жағдайында қазіргі президенттің негізгі қолдаушысы болуы керек»,- деді.

«Нұр Отан» – 835 мыңнан астам мүшесі бар Қазақстанның ең ірі саяси партиясы. Қаңтарда өткен Қазақстанның төменгі палатасына сайлауда партия 71,09 пайыз дауыс жинаған.

 

Тегтер