Қазақстанда вакцинацияны жеделдету
Қазақстан Премьер-министрі елдегі вакцинациялау үдерісін жеделдетуге шақырды.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Асқар Мамин Қазақстанда коронавирусын жұқтырғандар санының күн сайын азаюына сілтеме жасай отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, бетперде киюді және вакцинация үдерісін күшейтуді жалғастыру қажеттігін қуаттады. Мамин сөзін жалғастырып, 11 облыстың «жасыл» тізімде және 6 облыстың әлі де «сары» тізімде екенін мәлімдеді.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын 8,8 миллион адам алды, бұл Қазақстанның жалпы ересек тұрғындарының 78 пайызына тең, сондай-ақ 8,3 миллион адам вакцинаның екі дозасын алды, бұл халықтың шамамен 70 пайызын құрайды.