Жел 21, 2021 16:38 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Сирия бейбіт келіссөздері басталды

Қазақстан астанасында Сирия бейбіт келіссөздерінің 17-ші раунды басталды.

«Анадолу» (Anadolu) ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Астана келіссөздері» деп аталатын Сирия бейбіт келіссөздері бүгін, сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында Иран, Түркия және Ресей  делегацияларының, сондай-ақ барлық тиісті топтардың мен қатысуымен басталды. Келіссөздер   БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілінің орынбасары Хоула Матардың қатысуымен өтеді және кейін екіжақты және үшжақты отырыстармен жалғасады. Жиынға Ирак, Иордания және Ливан өкілдері бақылаушы ретінде қатысады. Сирия бойынша «Астана кездесулері» 2017 жылдың басынан бері басталды.

 

Тегтер