Жел 26, 2021 20:50 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен БАӘ әскери ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен БАӘ әскери ынтымақтастықты дамытуды қалайды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің халықаралық қарым-қатынас бөлімінің басшысы полковник Олжас Құсайынов пен БАӘ-нің Нұр-Сұлтандағы елшілігінің әскери атташесі полковник Доввом әл-Кааби екі елдің әскери ынтымақтастығын дамыту перспективасын талқылады.  

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өткен кездесуде тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықты дамытуды жалғастыру қажеттігін қуаттады.

Құсайынов пен әл-Кааби екі елдің арнайы жасақтарына оперативтік білім беру, медициналық қызметпен қамтамасыз ету, химиялық және биологиялық заттардың радиациясынан сақтауды екіжақты ынтымақтастықтың бастапқы тақырыптары деп атады.  

Тараптар түрлі салаларда ортақ келісімдерге келу үшін сындарлы әрекеттер жасау туралы сұхбаттасты.

Тегтер