Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні құлатылды
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні құлатылды.
Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабынің қазақ тіліндегі радиосының хабарлауынша, Қазақстандағы наразылықтар күшейген кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің басшысы қызметінен кетті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жаңа жолдауында Қауіпсіздік кеңесіне бұдан былай төрағалық ететінін мәлімдеді. Тоқаев өз жолдауында қазіргі тәртіпсіздіктердің артында «мұқият ойластырған жоспары» бар «қаржылық ниетті бүлікшілердің» тұрғанын айтты. Қазақстан Президенті: «Ел басшысы және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде мен қатаң әрекет етуге ниеттемін», - деді. Ол оның қашып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарып: «Қалай болғанда да, мен елордада қалып, жақын арада Қазақстандағы саяси өзгерістерге қатысты жаңа ұсыныстар жасаймын. Жүйелі реформалар жасау жөніндегі ұстанымымды берік ұстанамын»,- деді. Қазақстан Президенті құқық қорғау органдары мен әскери мекемелерге алғыс айтып, тәртіпсіздікте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.