Қазақстан Президенті Путинмен сөйлесті
Қаң 08, 2022 19:18 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде, Қазақстандағы жағдайды тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тоқаев сондай-ақ Ресейге Қазақстандағы соңғы оқиғаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы күндері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің виртуалды кездесуін өткізуді сұрады. Путин бұл ұсынысты қолдады.
Тегтер