Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы қамауға алынды
(last modified Sat, 08 Jan 2022 14:36:48 GMT )
Қаң 08, 2022 20:36 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы қамауға алынды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қамауға алынды.

Fars News агенттігінің Душанбеден хабарлауынша,  Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесінде: «Қаңтардың 6-сы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов тағы бірқатар адаммен бірге елдің Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша қылмыс жасады деген айыппен қамауға алынды»,- деп айтылды. Бұдан бұрын 5 қаңтар күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Кәрім Мәсімовті қызметінен босатып, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Ермек Сағымбаевты Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы етіп тағайындаған жарлық шығарды. Қазақстан Ішкі істер министрлігі соңғы тәртіпсіздіктер кезінде 3 мыңнан астам адамның ұсталып, 26 адам қаза тапқанын хабарлайды.