Қазақстанда 10 қаңтар жалпыұлттық аза күні деп жарияланды
Қазақстан Президенті соңғы тынышсыздықтарда құрбан болғандарды еске алу үшін 10 қаңтарды жалпыұлттық аза күні деп жариялады.
Қазақстан Президенті кеңсесінің баспасөз хатшысы Берік Уәли: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі 10 қаңтарды жалпыұлттық аза күні деп жарияланды»,-деді. Тоқаев ҚР Бас прокуроры, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы мен Қорғаныс министрлігінің басшыларымен отырысында соңғы оқиғалар құрбандарының туыстары мен халықтың қайғысына ортақтасу үшін аза күнін жариялауға шешім қабылдады.
Қазақстанда шерулер қатыгездікке ұласып, ҰҚШҰ-ның бітімгер күштері енгізілгеннен кейін қақтығыстар азайды.
2 қаңтарда сұйытылған газ бағасының қымбаттағанына наразылық ретінде шерулер басталды. Тоқаевтың қабылдаған шаралары, соның ішінде газ бағасын түсіргеніне қарамастан шерулер қатыгездікпен жалғасты.
Иран Қазақстандағы бүліктерде шетелдік араласушылық бар деп тауып, Батыс елдерді 90 жылдары тәуелсіздік алған елдерде түрлі түсті революция жасау сценарийін қайталауға талпынды деп айыптады.