Қазақстанда Назарбаевтың қызметтен кету себебі түсіндірілді
(last modified Sun, 09 Jan 2022 16:24:26 GMT )
Қаң 09, 2022 22:24 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Назарбаевтың қызметтен кету себебі түсіндірілді

Қазақстанның бұрынғы президентінің баспасөз өкілі елдегі ушыққан жағдайды Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесін басқарудан бас тарту себебі деп атады.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз өкілі Айдос Үкібаев: "Жағдай өте ауыр болды. Назарбаев бұл дағдарысқа шұғыл əрі кесімді жауап беру қажет болғандықтан өз еркімен Қауіпсіздік кеңесін басқарудан бас тартты",-деді.

Айдос Үкібаев Назарбаевтың Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда екенін жəне Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын растады.

Сұйытылған газ бағасының қымбаттағанына наразы шерулер қатігездікке ұласқаннан кейін Тоқаев Қауіпсіздік кеңесін басқаруды өз қолына алды.

Қазақстан үкіметі 1 қаңтарда сұйытылған газдың бағасын 60 теңгеден 120 теңгеге көтерді. Сол себебі елде наразылықтар басталды, соның салдарынан Министрлер кабинеті таратылып, көптеген лауазымды тұлғалар қызметтен босатылып, бірқаншасы қамауға алынды.

Тегтер