Қазақстанда екі экстремистік топтың көзі жойылды
(last modified Mon, 10 Jan 2022 17:15:33 GMT )
Қаң 10, 2022 23:15 Asia/Almaty
  • Қазақстанда екі экстремистік топтың көзі жойылды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеме жасап, елдегі ауқымды тәртіпсіздіктерге қатысқан екі экстремистік топтың көзі жойылғанын хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесінде: «Бұл құрылым ұжымдық тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттерге қатысқан адамдарды іздеп, ұстаумен айналысып жатыр. Сондай-ақ, жасалған қылмыстардың анық-қанығын анықтауға тырысуда»,-делінген. Осы шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында 4-8 қаңтардағы тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқан екі экстремистік топтың көзі жойылды.    

Мәлімдеменің басқа бір бөлігінде: «Жексенбі күні бір топтың 4 мүшесі қару және дыбыстық гранаталармен ұсталды. Шетелдік азамат болып табылатын басқа бір топтың басшысын қамауға алды. Ол шетелдік лаңкестік топтармен байланыста болып, Алматыдағы тәртіпсіздіктерде белсенді түрде қатысқан»,-делінген.  Тексерулер бойынша, ол Қазақстанның мемлекеттік органдары мен қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасап, заңсыз шаралар жасау үшін осы елге келіп, жақтастар топтастыруды жалғастырған.

Тегтер