Тоқаев: Қазақстан ұйымдасқан төңкеріс жасау әрекетін бастан өткерді
Қазақстан Президенті өткен аптада болған тынышсыздықтарды «ұйымдасқан төңкеріс» деп атады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының видеоконференция арқылы өткен төтенше отырысында: «Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында ең ауыр дағдарысты бастан өткерді. Қарулы топтар бейбіт наразылыққа араласты. Басты мақсат – тәртіпті бұзу, мемлекеттік мекемелерді бүлдіру және билікті қолға алу. Біз төңкеріске талпыныс туралы айтып жатырмыз»,-деді.
Тоқаев: «Лаңкестер елде төңкеріс жасауға көптен дайындалған. Жаңа жылдың басында болған барлық өзгерістер бір бүлдіргі жобаға негізделген. Оны дайындауға ұзақ уақыт кеткен»,-деді.
Қазақстан Президенті қаңтар айының басынан бастап ірі масштабтағы дағдарыспен күресіп жатқанын айтып: «Қайшылықтардың көбі Кеңес одағынан тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тарихынан тамыр алады»,-деді.
Қазақстан Президенті: «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер күштері елге келгеннен кейін содырлар менің резиденциямды басып алу жоспарынан айнып қалды»,-деді.
Қазақстан көмек алу үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жүгінді. Содырлар ел астанасына үш әскери ұшақ келгенін көріп, Президент резиденциясын басып алу жоспарын тоқтатты.