Алматы қаласын лаңкестерден тазарту операциясы ағымында қамауға алу жалғасуда
(last modified Wed, 12 Jan 2022 14:31:07 GMT )
Қаң 12, 2022 20:31 Asia/Almaty
  • Алматы қаласын лаңкестерден тазарту операциясы ағымында қамауға алу жалғасуда

Қазақстандық қауіпсіздік күштері Алматыдағы жуырда болған тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестік әрекеттер мен тонауға қатысы бар 1600-ден астам адамды тұтқындаған.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы әкімі сәрсенбі күні қауіпсіздік күштерінің Алматыдағы жуырдағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестік әрекеттерге, тонау шабуылдарына және басқа да қылмыстарға қатысы бар 1678 адамды ұстағанын, оның ішінде 36 атыс қаруы және 1500-ге жуық басқа әскери жабдықтардың тәркіленгеін хабарлады. Бұл мәлімет бойынша лаңкестікке қарсы операция барысында Алматы қаласы лаңкестік топтардан толықтай тазартылды. Қазақстан полициясы мен қауіпсіздік күштері Алматының түкпір-түкпірінде бекеттер орнатып, жағдайды толық бақылауда. Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев толқулар басталғаннан бері бүгін бірінші рет Алматыға келді.

Тегтер