Қазақстаннан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан әскерлерді шығару туралы келісімге қол қойылды
(last modified Fri, 14 Jan 2022 12:09:30 GMT )
Қаң 14, 2022 18:09 Asia/Almaty
  • Қазақстаннан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан әскерлерді шығару туралы келісімге қол қойылды

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Қазақстаннан өз әскерлерін шығаратынын ресми түрде мәлімдеді.

Жас журналистер клубының хабарлауынша,  ҰҚШҰ-на  мүше-мемлекеттер қорғаныс министрлерінің виртуалды отырысында олар өз күштерінің Қазақстанда болуының нәтижелерін және өңірдегі тұрақтылықты сақтау және қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру мақсатында аталмыш ұйымы күштерінің жедел әрекет ету механизмін әзірлеу барысын қарастырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  ҰҚШҰ елдег бітімгершілік миссиясының сәтті аяқталуына тоқталып: «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерін шығару 13 қаңтарда басталып, 10 күннің ішінде жүзеге асады», - деді.

Қазақстандағы толқулар күшейгеннен кейін  бұл елдің президенті Қазақстан мүше болып табылатын Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұрады. Осыған орай Армения, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан бітімгершілік күштері Қазақстанға жіберілді.

 

 

Тегтер