Қашқын қазақ банкир үкімет құруды аңсайды
(last modified Tue, 18 Jan 2022 14:19:23 GMT )
Қаң 18, 2022 20:19 Asia/Almaty
  • Қашқын қазақ банкир үкімет құруды аңсайды

Қашқын банкир және Қазақстан үкіметіне ұзақ уақыт қарсылас болған Мұхтар Әблязов елдегі билікті өзгерткісі келетінін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Францияда тұратын Мұхтар Әблязов Қазақстандағы билікті өзгерту жоспарын дайындап, Батыстан көмек сұрап жатқанын, Франция президенті Эммануэль Макронмен де сөйлескенін жариялады. Қарсылас әрі қашқын қазақ банкирі: «Алматыға ұшып барып, алдымен уақытша үкіметті құрамын және алты айға уақытша премьер-министр міндетін атқарамын. Содан кейін сайлау өтіп, заңды түрде премьер-министр боламын»,- деді. Қазақстан үкіметінің қарсыласы президент лауазымының жойылатынын жариялады.

 

Тегтер