Қазақстандағы халық наразылықтарынан кейінгі оқиғалар
(last modified Tue, 18 Jan 2022 16:43:03 GMT )
Қаң 18, 2022 22:43 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы халық наразылықтарынан кейінгі оқиғалар

Жаңа жылдың бірінші айын дағдарыс пен қолайсыз жағдайлармен бастаған Орталық Азиядағы көлемі жағынан ең үлкен мемлекет - Қазақстан бұл күндері жоғары лауазымды шенеуніктері деңгейіндегі бірқатар кадрік өзгерістердің куәсі болып отыр.

 

225 адамның өліміне, мыңдаған адамның жаралануына және үкімет ғимараттарына ауыр зақым келтірген он күндік наразылық шерулерінен кейін Қазақстан Президенті ішкі жауларымен сабырмен есеп айырысуда. Халық наразылығының алғашқы күндерінен бастап Нұр-Сұлтан билігінің шенеуніктері кейбір шетелдік үкіметтер мен Қазақстандағы сатқын саясаткерлерді кінәләді. Шындығында, Қазақстандағы ықпалы шамалы Ұлыбритания мен АҚШ сияқты кейбір Батыс үкіметтері және  олардың аймақтық одақтастары бұл елде түрлі-түсті революция және үлкен әскери және саяси қатысу мақсатын жүзеге асыру үшін қазақтсандық наразыларды түрткілуге және тіпті батысшыл және  түркішіл ағымына қатысы бар кейбір топтарды қаруландыруға кірісті. Наразылықтардың алғашқы күндерінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік телеарнада мемлекеттік наразылық білдірушілердің әскери кеңселер мен нысандарға шабуылын заңсыз деп атап: «Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды», - деді. Қазақстан президентінің бұл сөздері қазақстандық саясаткердің ішкі наразылықтарға Нұрсұлтан үкіметінің бұрынғы шенеуніктерін кінәлағанын көрсетті. Наразылықтардың бірінші күні Тоқаев Елбасы атанған және ұлттық қауіпсіздіктің тұрақты басшысы болып тағайындалған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен кетірді. Елді 29 жыл басқарғаннан кейін 2019 жылы отставкаға кетіп, билікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған Назарбаев Қазақстандағы қуатты саясаткер деп саналды. Бірақ бірнеше мерзім қатарынан Қазақстан Президенті болып сайланса да, бұл ұлы саясаткер Қазақстан халқының орнына  түрікшіл сияқты белгілі бір ой ағымдарына және аймақ пен әлем үкіметтеріне тәуелді екенін    көрсетті. Бұл мәселе аймақтағы кейбір үкіметтердің, әсіресе Ресей мен Қытайдың Назарбаевтың одан әрі саяси қызметін жалғастыруына күмәнденулеріне себеп болды.  

 

Тегтер