Тоқаев пен Мирзиеев аймақтық әріптестік туралы сұхбаттасты
(last modified Sun, 23 Jan 2022 12:34:04 GMT )
Қаң 23, 2022 18:34 Asia/Almaty
  • Тоқаев пен Мирзиеев аймақтық әріптестік туралы сұхбаттасты

Қазақстан мен Өзбекстанның басшылары телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынас пен аймақтық әріптестік мәселелерін талқылады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің саяси қатынасы деңгейіне ризалық білдіріп, сауда айналымын арттырып, әріптестікті нығайтып, аймақаралық және мәдени алыс-берісті дамыту қажеттігін айтты.

Қазақстан мен Өзбекстан басшылары, сондай-ақ, конструктивті әріптестікті дамыту, соның ішінде сауда мен логистика, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі салаларында ортақ жобаларды ілгерілету қажеттігін қуаттады.

Тегтер