Назарбаев бірқатар қызметтерден шеттетілді
Ақп 09, 2022 10:08 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін жою туралы заң қабылдады.
Қазақстан Президентінің кеңсесі таратқан мәлімдемеде: «Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы түзетулер енгізуді бекітіп, Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен парламенттегі «өмір бойы төрағалық етуін» алып тастады»,- деп жариялады. Түзетуде «Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы бастамалар Назарбаевтың келісімімен жасалуы тиіс» деген бап та жойылды. 81 жастағы Назарбаев 30 жыл билікте болғаннан кейін 2019 жылы отставкаға кетті, бірақ өмір бойына Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып сайланды.
Тегтер