Қазақстан: Экстремистік топтар наразылық акцияларын өз мүддедеріне пайдаланды
(last modified Wed, 09 Feb 2022 08:01:47 GMT )
Ақп 09, 2022 14:01 Asia/Almaty
  • Қазақстан: Экстремистік топтар наразылық акцияларын өз мүддедеріне пайдаланды

Қазақстан Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы қаңтар айының басында елде болған жаппай наразылық акцияларын түрлі күштер пайдаланғанын мәлімдеді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров: «Бүкіл ел көлеміндегі шерулерді экстремистік топтар өз мүдделері үшін пайдаланды»,- деді. Ожаров бұл әрекеттер саяси экстремизмнің айқын белгілері болғанына тоқталып: «Бас прокуратура наразылық білдірушілердің әрекеті мен соған қатысты істерді тексеріп жатыр. Әзірге ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі және экстремистік тыйым салынған ағымдардың 35 мүшесі ұсталды. Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, оған қатысу және терроризм актісін жасауға қатысы бар 467 адам қамауға алынды»,- деп мәлімдеді.

Тегтер