Ақп 10, 2022 22:33 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы оқиғаларға шолу

Қаңтар наразылықтарынан кейін Қазақстанда болып жатқан ішкі өзгерістер мен оқиғалар осы елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жанұясына теріс əсер етіп, Орта Азиядағы ең ірі елдің басшыларына қарсы ілгерілеуде.

Нұрсұлтан Назарбаевтың адамы саналатын Қасым-Жомарт Тоқаев қазір 81 жастағы Назарбаевты Қазақстанның саяси билігінен толық шеттетуді көздеп отыр. Назарбаев 30 жылға жуық саяси билік басында болып, 2019 жылы ҚР Президенті лауазымынан бас тартып, билікті өзінің орынбасарына берді. Бұған қарамастан Назарбаев өзін Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мəңгі басшысы деп тағайындаған болатын. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда толық өкілеттікті қолына алғаннан кейін елдің саяси сахнасына өзгерістер енгізуге жағдай жасап, саяси биліктегі ықпалын арттырып, атқарушы билік жүйесіндегі құдіретін одан ары нығайтуға талпынып жатыр. Мұнымен бір мезгілде Тоқаев Назарбаев пен оның жақындарын Қазақстандағы саяси биліктен шеттетуге жағдай жасауға тырысты. Шын мәнінде Орта Азиядағы экстремистер мен бөтен елдер Қазақстанда қаңтар айында болған наразылықтарға араласты деп айыпталғаннан кейін енді Нұр-Сұлтан үкіметінің басшылары осы елде болған тəртіпсіздіктердің жасырын қырларының басқа бөлігін жариялап, соған орай жаңа ұстаным қабылдады. Бұған қарамастан Қазақстандағы соңғы өзгерістер жəне елдің 20  ірі қаласындағы халықтық наразылықтардың жасырын қырлары жарияланғаннан кейін бастапқы кезекте елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жанұясы мен жақындарын ел басқарудан толық шеттетуге қажетті жағдай жасалды. Мысалы, Қазақстан Президенті заң қабылдап, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерінің күшін жойды. Осы орайда Қазақстан Президентінің кеңсесі мəлімдемеде жасап: "Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР конституциясындағы елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты заңға енгізілген түзетулерді бекітті",-деп хабарлады.Осы негізде Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мəңгі басшы болу өкілеттігі күшін жойды. Осы түзетулер бойынша заң мəтінінен Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатындағы бастамалар Назарбаевтың келісімімен жүзеге асырылуы тиіс деген бап алынып тасталды. Тоқаев, сондай-ақ, 28 қаңтарда Нұр-Отан партиясының 21-ші төтенше съезі барысында осы партияның басшысы болып сайланып,  бұл лауазымды Назарбаевтан алды. Шын мәнінде 225 адамның өмірін қиған соңғы наразылықтардан кейін Қазақстан Президенті мемлекетте келген шығындардың орнын толтырып, зақымдарды емдеуге талпынып жатыр. Осы жағдайда əсіресе  ел экономикасында жақсы үдеріс басталып, Тоқаев Жаңа Қазақстанның негізінін қалап жатқанға ұқсайды.

Тегтер