Иран Қазақстанға табиғи ресурстар саласындағы білімін беруге дайын
(last modified Mon, 21 Feb 2022 16:36:48 GMT )
Ақп 21, 2022 22:36 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанға табиғи ресурстар саласындағы білімін беруге дайын

Иранның Табиғи ресурстар және су көздері ұйымының басшысы: "Иран су, жер және табиғи ресурстар саласындағы білімі мен тәжірибесін Қазақстанмен бөлісуге дайын",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Масуд Мансур  Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасарымен Теһранда кездесуінде Иранның орман шаруашылығы, жайылым жерлерді басқару, шөл басудың алдын алу, су көздерін басқару салаларындағы әлеуеттері мен қабілеттерін атап көрсетіп: "Табиғи ресурстар, әсіресе ормандар қазір Табиғи ресурстар ұйымы тарапынан басқарылып, күтім жасалады. Орман ағаштарын кесуге тыйым салынған",-деді. 

Момышев те Иранның Қазақстанмен ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар саласында әріптестік жасап жатқанына ризалық білдіріп: "Иран Қазақстанмен тәжірибе алмасу арқылы жақсы әріптестік жасай алады",-деді.

Тегтер