Дариға Назарбаева Қазақстан Парламентінің Мәжіліс палатасындағы лауазымынан бас тартты
(last modified Fri, 25 Feb 2022 15:12:59 GMT )
Ақп 25, 2022 21:12 Asia/Almaty
  • Дариға Назарбаева Қазақстан Парламентінің Мәжіліс палатасындағы лауазымынан бас тартты

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы ел Парламенті Мәжіліс палатасындағы депутаттық лауазымынан бас тартты.

Осыдан біраз бұрын ҚР Парламенті Мәжіліс палатасының депутаты Дариға Назарбаеваны қызметтен босату туралы өтініш жасалған болатын.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дариға Назарбаева жұма күні ел Парламенті Мәжіліс палатасындағы депутаттық лауазымынан бас тартып: «Жалпы қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық саласында жұмыс істеуге ниеттеніп отырмын»,-деді.

Дариға Назарбаева: «Қаңтар айында болған оқиғалар көрсеткендей, Қазақстанда тыныштық пен халықтың бірлігінсіз ешбір даму мен гүлдену болмайды»,-деп еске салды.

Тегтер