Қазақстан мен Германия президенттері телефон арқылы сөйлесті
(last modified Tue, 08 Mar 2022 13:56:04 GMT )
Нау 08, 2022 19:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Германия президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Германия президенттері Украинадағы жағдайды талқылады.

 

Қазақстан мен Германия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер сейсенбі күні Украинадағы жағдайды талқылады. Штайнмайер Ресейдің Украинадағы әскери операциясына қатысты Еуропалық Одақтың ұстанымын айтты. Тоқаев  БҰҰ Жарғысын сақтау қажеттігіне тоқталып: «Украинадағы дағдарыстың себебі – өте күрделі»,- деді. Қазақстан Президенті Украинадағы дағдарыстың бейбіт тұрғындарға одан әрі залал келтірмеу және елдің азаматтық инфрақұрылымын толығымен жойылуына әкелмеу үшін оны дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін қуаттады. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту Тоқаев пен Штайнмайердің телефон арқылы сөйлесуінде көтерілген тағы бір мәселе болды.

 

Тегтер