Нау 14, 2022 19:30 Asia/Almaty
  • Назарбаевтың немере інісі ұсталды

Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі осы елдің бұрынғы басшысы Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны ұстады.

Осы агенттіктің мəлімдемесінде: "Қайрат Сатыбалды өз өкілеттігін асыра пайдалану жəне Қазтелеком компаниясының активтерін жымқыру туралы сот ісіне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды",-делінген.

Қайрат Сатыбалдының ел қауіпсіздігінің төмендеуіне алып келген басқа істерге қатыстылығы тексеріліп жатыр.51 жастағы Қайрат Сатыбалды бұрынғы жылдары Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Астана қаласы əкімінің орынбасары, "Қазақойл" компаниясы басшысының орынбасары лауазымдарында жəне "Дүние" акционерлік компаниясының директорлар кеңесінде жұмыс істеген.

Нұрсұлтан Назарбаев өз немере інісінің қамауға алынғанына əлі реакция білдірмеді.

Тегтер