Қазақстандағы қаңтардағы наразылық кезінде 230 адам қаза тапты
(last modified Tue, 15 Mar 2022 15:02:32 GMT )
Нау 15, 2022 21:02 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы қаңтардағы наразылық кезінде 230 адам қаза тапты

Қазақстанның Бас прокуратурасы биылғы жылдың қаңтарындағы наразылық кезінде 230 адамның, оның ішінде 19 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.

«Фарс News» агенттігінің мәліметінше,  Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов «Қаза болғандардың көпшілігі 139 адам  Алматыда болды, олардың 86-сы үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасаған», - деді. Асылов сондай-ақ елдің тағы жеті өңірінде полиция ғимараттары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңсесіне жасалған шабуыл кезінде қазақстандық қауіпсіздік күштерінің қолынан 63 адам қаза тапқанын айтты. Қазақстандық прокурордың айтуынша, наразылық кезінде абайсызда 20 бейбіт тұрғын қаза тапқан, оның ішінде Алматыда 11, Алматы облысында 8 және Таразда бір адам. Қазақстанның Бас прокуратурасы қаза тапқандардың тізімін жариялаған жоқ.

 

Тегтер