Қазақстанның Түркіменстандағы жаңа елшісі тағайындалды
(last modified Wed, 16 Mar 2022 11:48:06 GMT )
Нау 16, 2022 17:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Түркіменстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Қазақстан Президенті Асқар Тәжібаевты елдің Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындады.

 

Асқар Тажбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев   Тәжікстандағы елші міндетін атқарушы Асқар Тәжібаевты Қазақстанның Түркіменстандағы елшісі етіп тағайындады. Тәжібаев 1962 жылы туған, 1984 жылы Алматы Энергетика институтын бітірген. Ол бұған дейін әртүрлі ведомстволарда, соның ішінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің бірінші хатшысы, Мемлекетаралық кеңесі Атқару комитетінің аға сарапшысы және Сыртқы істер министрлігі ТМД комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

 

Тегтер