Украинаға С-300 əуе-қорғаныс кешендерін беруге қатысты жанжалдар жалғасып жатыр
(last modified Thu, 17 Mar 2022 13:43:18 GMT )
Нау 17, 2022 19:43 Asia/Almaty
  • Украинаға С-300 əуе-қорғаныс кешендерін беруге қатысты жанжалдар жалғасып жатыр

Қазақстан АҚШ-тың Украинаға С-300 əуе-қорғаныс кешендерін беруге өтініш жасағанын теріске шығарды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов: "Вашингтон бізден Украинаға С-300 зымыранға қарсы əуе-қорғаныс кешендерін беруге өтініш жасаған жоқ",-деп мәлімдеді.

Жақсылықов Қазақстан Парламенті депутаттарының алдында: "Мұндай өтініш болған жоқ, бола да алмайды. Мен сіздерге кепілдік беремін: Ешқашан бізге мұндай өтініш түспеді. Түсуі мүмкін емес",-деді. 

АҚШ ақпарат құралдары осы елдің Мемлекеттік департаменті тарапынан Украинаға беру үшін С-300 əуе-қорғаныс кешендері бар елдерді анықтағанын растады.

Тегтер