Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың трансформациясы
(last modified Sat, 19 Mar 2022 09:36:15 GMT )
Нау 19, 2022 15:36 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың трансформациясы

Қазақстан Президенті парламентке мемлекеттік басқару формасын өзгерту туралы ұсыныс енгізді.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев  осы елдің парламентінің отырысында   парламентке көбірек өкілеттік беруді талап етіп: «Мұндай жүйе мемлекеттік институттардың серпінді тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді»,- деді.

Тоқаев қазақстандық дамудың саяси моделін қайта құру бойынша саналы қадамдар жасау қажеттігін айта келе,   саяси бәсекелестікті арттыру және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз ету үшін өз өкілеттігі кезеңде президенттің кез келген партияға мүшелігін тоқтатуды ұсынды.  

Тоқаевтың ұсыныстарының келесі маңызды жәйттері Парламент депутаттарын аралас сайлау, облыс әкімдерінің жанама сайлауын енгізу, саяси партияларды тіркеуді жеңілдету, Конституцияға өзгерістер енгізу және Қазақстанның аймақтық құқық тәртібі басшыларының саяси партияларға мүшелігін және Президенттің туыстарын лайықты жоғары лауазымға тағайындауды тоқтату болды.   

 

Тегтер