Қазақстанның Әзірет Сұлтан мешітінде Наурыз мейрамы тойланды
(last modified Mon, 28 Mar 2022 07:48:23 GMT )
Нау 28, 2022 13:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Әзірет Сұлтан мешітінде Наурыз мейрамы тойланды

Қазақстанның астанасындағы Әзірет Сұлтан мешітінде Наурыз мейрамы тойланып, түрлі мәдени және спорт бағдарламалары орындалды.

Наурыз – көне ирандық мейрам. Ол әлемнің кейбір елдерінде жыл басы саналады.   

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, бұл рәсімге Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жақанов және басқа да діни-қоғамдық қайраткерлер қатысты.

Қазақстан астанасындағы әйелдер қауымы ұлттық тағамдар мен тәтті-дәмділер пісіріп,  Наурыз дастархандарын жайып, қонақтарды күтті. Сондай-ақ, мерекелік шара аясында  Қазақстанның бас мүфтиі балаға азан айтып ат қою, оның тәні мен жанының саулығын тілеп дұға жасау рәсімін өткізді.

Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі күйлері орындалып, жарыстардың жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.

Тегтер