Ресей мен Беларусьтің 12 мың азаматы Қазақстанның банктерінде есепшот ашты
(last modified Mon, 11 Apr 2022 09:13:53 GMT )
Сәу 11, 2022 15:13 Asia/Almaty
  • Ресей мен Беларусьтің 12 мың азаматы Қазақстанның банктерінде есепшот ашты

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі: «2022 жылы 24 ақпаннан бастап Ресей мен Беларусьтің 11940 азаматы Қазақстан банктерінде есепшот ашты»,-деп хабарлады.

10725 есепшот өтініш берушінің өзі немесе виртуалды өкілінің қатысуымен Қазақстан банктерінің бірінде ашылды. Басқа 1215 есепшот қашықтан ашылды. Осылайша Қазақстан банктерінде есепшоттары бар Ресей мен Беларусь азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті.  

Жеке тұлғаларға қарағанда Қазақстан банктерінде есепшот ашқан Ресейдің құқықтық тұлғаларының саны аз. Ақпан айының соңынан бері тек 7 ресейлік компания Қазақстан банктерінде есепшот ашты. Қазақстан банктерінде есепшоттары бар ресейлік ұйымдардың жалпы саны 805-ке жетті.

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі: «Шетел азаматтары мен компанияларының барлығы үшін есепшот ашу үдерісі ақша жымқыру, қылмыс пен лаңкестікті қаржымен қамтамасыз етуге қарсы күрес заңымен және Ұлттық банк пен тиісті агенттіктің ережелерімен реттеледі»,-деп сендірді.

Тегтер