Қазақстан Президенті Рим Папасы Францискпен виртуалды кездесті
(last modified Tue, 12 Apr 2022 08:16:52 GMT )
Сәу 12, 2022 14:16 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті  Рим Папасы Францискпен виртуалды кездесті

Қазақстан Президенті әлем католиктіктері жетекшісі Рим Папасы Францискпен кездесіп, конфессияаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Қасым-Жомарт Тоқаев   Рим Папасы Францискпен виртуалды кездесуінде өз елі мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын, сондай-ақ дінаралық диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Екі тарап қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының 7-ші съезінің күн тәртібіне ерекше назар аударды. Бұл оқиға Қазақстан үшін өте маңызды. Әлемдік католиктердің көшбасшысы қазіргі күрделі геосаяси жағдайда конфессияаралық диалогты, елдердің бірлігі мен жақындығын жүргізу мақсатында Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының 7-ші съезін өткізуді аса маңызды деп атады.

 

 

Тегтер