Қазақстанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес басшыларының саммиты өтеді
(last modified Sun, 17 Apr 2022 14:03:35 GMT )
Сәу 17, 2022 20:03 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес басшыларының саммиты өтеді

Қазақстанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (CICA) басшыларының алтыншы саммиты өтеді.

CICA басшыларының алтыншы саммиты биыл 13 қазанда Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Осы саммитқа дайындалу тақырыбы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен CICA хатшылығының атқарушы директоы Қайрат Сарыбайдың Нұр-Сұлтанда кездесуінде талқыланды.

Тоқаев пен Сарыбай Азияда әріптестік жасау үшін CICA-ның толыққанды халықаралық ұйымға айналу перспективасына қатысты пікір алмасты.

Қазақстан Президенті осы елдің CICA-да төрағалық ету барысындағы басымдықтарын әсерлі түрде орындаудың маңызды екенін айтып, осы ұйымға мүше елдер басшыларының алтыншы саммитында қол қойылатын қорытынды құжаттың алғынұсқасын дайындау қажеттігін баса айтты.  

Қазақстан 2020-2022 жылдары CICA-ға төрағалық етеді. Бұған дейін Түркия, Қытай және Тәжікстан осы ұйымды басқарған болатын.  

Тегтер