Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды
(last modified Mon, 18 Apr 2022 15:35:52 GMT )
Сәу 18, 2022 21:35 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Сейдғапбаровты Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары лауазымына тағайындады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейдғапбаров осыған дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Сейдғапбаров жоғары білімін құқық және экономика саласында алған, 2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура кеңсесінде, 2001-2016 жылдары Бас прокуратурада, 2016-2019 жылдарында Президент әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылы 24 сәуірден жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының жаңа орынбасары екінші дәрежелі "Айбын" медалымен марапатталған.

Тегтер