Назарбаев Қазақстанның конституциялық реформасын қолдады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i61438
Қазақстанның Тұңғыш президенті конституциялық реформаларды қолдады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 31, 2022 15:59 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанның  конституциялық реформасын қолдады

Қазақстанның Тұңғыш президенті конституциялық реформаларды қолдады.

 

Қазақстан бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі конституциялық референдумды қолдады. Назарбаев биліктен кеткеннен кейін кейбір өкілеттіктердің сақталуын растай отырып: «Иә, менде белгілі бір өкілеттіктер қалды. Бірақ бұл саяси көшудің бірқалыпты өтуі және қоғам мен билеуші ​​элитадағы ықтимал қайшылықтарды азайту үшін жасалды. Конституцияға сәйкес мен өзімнің президенттік өкілеттіктерімді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа бердім. Одан кейінгі халықтық сайлауда ол жеңіске жетті»,- деді.

Қазақстандағы конституциялық референдум 5 маусымда өтеді.  

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың басында кеңінен наразылықтарынан кейін кең ауқымды реформалар жасауды жұмыс кестесіне енгізді. Көптеген мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босатудан басқа, Конституцияға өзгерістер енгізу Тоқаевтың реформаларының бірі болып табылады.