Қазақстан халқы конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумға қатысты
Қаңтар наразылықтарына жауап ретінде өткен Қазақстан республикасының конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумда 77 пайыздан аса дауыс берілді.
Қаңтар наразылықтарына жауап ретінде жексенбі күні Қазақстанда конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтіп, басым дауыс берілді.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы дүйсенбі күні мәлімдеме жасап: «Дауыс берушілер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 5 маусымдағы референдумда талқыға салынған конституцияға өзгерістер енгізуге қолдау білдірді»,-деп хабарлады.
Осы мәлімдемеде дауыс берушілердің 77,18 пайызы өзгерістерге келісім берді.
Қазақстан республикасының конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумда конституцияның шамамен үштен біріне өзгеріс енгізу, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтан «Елбасы» мәртебесін алып тастау, Президент туыстарының жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуына тыйым салу, Президенттің өкілеттігін азайту, Парламент пен басқа да жергілікті органдардың рөлін арттыру, сондай-ақ Конституциялық сот құру мәселелері дауысқа салынды.
Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та конституцияға енгізілгелі жатқан өзгерістерді қолдады.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы референдумға халықтың 77,18 пайызы қатысты деп мәлімдеді.