Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті дамытуға келісті
(last modified Fri, 10 Jun 2022 08:59:28 GMT )
Маусым 10, 2022 14:59 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті дамытуға келісті

Қазақстан Президенті мен Қытай Сыртқы істер министрі кездесіп, екі елдің ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестігін дамытуға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ван И нұр-Сұлтанда кездесіп, маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Осы кездесуде Қазақстан мен Қытайдың ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестігін дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективасы, аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы әріптестігі мәселелерін талқылады.

Тоқаев екі ел арасында стратегиялық серіктестік деңгейін оң бағалап, Қазақстанның Қытаймен екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ынталы екенін айтып, Қытай Президенті Си Цзиньпиннің Нұр-Сұлтанға биыл күзге жоспарланған сапарының екі ел қарым-қатынасын дамытуға жаңа стимул болатынына сендірді.

Тегтер