Иран мен Қазақстанның жоғары мәртебелі делегацияларының ортақ отырысы өтті
(last modified Mon, 20 Jun 2022 08:52:08 GMT )
Маусым 20, 2022 14:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның жоғары мәртебелі делегацияларының ортақ отырысы өтті

Иран мен Қазақстан басшыларының қатысуымен екі елдің жоғары мәртебелі делегацияларының ортақ отырысы өтті.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 25-ші Халықаралық экономикалық форумға қатысқаннан Қазақстан Президенті кеше Иран Президентінің ресми шақыруымен жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегацияны бастап Теһранға келді.

Осы сапарда Қазақстан Президентімен бірге 40-қа жуық қазақстандық кәсіпкер және осы елдің бірқатар министрлері мен олардың орынбасарлары келді.

Иран мен Қазақстан басшыларының басқаруымен өткен жоғары мәртебелі саяси-экономикалық делегациялардың ортақ отырысында саясат, экономика, энергетика, ауыл шаруашылығы, тауар транзиті мен медиа байланыс салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды.

Бұған дейін Иран мен Қазақстан басшылары шағын құрамда кездесіп, сұхбаттасқан болатын.

Тегтер